{metadescription}
Елордада 4 көлік соғылып, бір адам қаза тапты

Елордада 4 көлік соғылып, бір адам қаза тапты

Нұр-Сұлтанда Республика даңғылында төрт көлік жол апатына ұшырап, 28 жастағы қыз қаза тапты, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

Полиция мәліметінше, жол апаты 15 қаңтарда сағат 21.00-де болған

«Республика даңғылымен келе жатқан «ВАЗ 2106» көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, «Нексия» көлігімен соқтығысқан. Салдарынан ВАЗ көлігі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «Тойота», одан кейін «Лада 21 726» көліктерін қақты», - хабарламада.

Жол-көлік апаты салдарынан «ВАЗ 2106» көлігінің 28 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Тергеу жүргізіліп жатыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде