{metadescription}
Қостанай облысында 3 автокөлік соқтығысып, бір адам көз жұмды

Қостанай облысында 3 автокөлік соқтығысып, бір адам көз жұмды

Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығы салдарынан бірнеше көлік соқтығысты.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Қостанай ауданы Озерное ауылының маңында, Қостанай-Екатеринбург автожолының 507-ші шақырымында болды.

«ВАЗ-2114» автокөлігін мінген 48 жастағы жүргізуші рульге ие бола алмай қалып, жолдың қарсы жолағына шығып кеткен. Салдарынан Lada Largus және Suzuki автокөліктерімен соқтығысады. Жарақаттарының ауырлығынан «ВАЗ-2114» жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды», - деді Полиция департаментінен.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде