{metadescription}
Елордада бассейннен 21 жастағы қыздың мәйіті табылды

Елордада бассейннен 21 жастағы қыздың мәйіті табылды

Нұр-Сұлтанда спорт кешенінің бассейнінен қыздың мәйіті табылды.

Полиция мәліметінше, 16 қаңтар сағат 10.18-де полицияның кезекші бөліміне елордадағы спорт кешенінің бассейнінен қыздың мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы ақпаратты растады.

"Спорт кешенінің жаттықтырушысы бассейнде қозғалыссыз жатқан қызды көргені анықталды. Оны судан шығарып, жасанды тыныс алдырып, жүрегіне массаж жасай бастаған. Жедел медициналық жәрдем келген соң 21 жастағы қыздың қайтыс болғаны анықталды", - деді полицейлер.

 Қайғылы оқиға кезінде бассейнде тағы 4 адам болған. Қаза болған қыз бассейнге бірреттік абонемент сатып алып келген. Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде