{metadescription}
Коронавирустан 2 миллион адам қайтыс болды: БҰҰ мәлімдеме жасады

Коронавирустан 2 миллион адам қайтыс болды: БҰҰ мәлімдеме жасады

Әлемде екі миллионнан аса адам коронавирустан қайтыс болды.

Осыған байланысты БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш мәлімдеме жасады. Бас хатшысы мәлімдемесінде вируспен күресуге шақырып, вакцина туралы айтты.

"Осы екі миллион адамның өмірін еске ала отырып, әлем күш жұмылдыруы керек", – деді БҰҰ басшысы.

Антониу Гутерриш вакциналар "жаһандық қоғамдық игілік" ретінде қарастырылуы керегін мәлімдеді. Бұл бүкіл қоғам белгілі бір қызметті ұсынуға мүдделі екенін білдіреді, яғни адамдар оны ешқандай бәсекелестіксіз тегін алуға құқылы. Сондықтан БҰҰ басшысы коронавирусқа қарсы вакцинаны "халықтық вакцина" деп атады және вакцинаны барлық елге қолжетімді ету үшін БҰҰ құрған COVAX механизмін қаржыландыруға шақырды. Антониу Гутерриш халықты вакциналар туралы хабардар етіп, адамдарда пайда болған сенімсіздікті жою қажет екенін айтты.

"Біздің әлем бұл вирусты бірлесіп әрекет ету арқылы ғана жеңе алады", – деді бас хатшы.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде