{metadescription}
Куратор желі арқылы жетекшілік еткен: Ақтөбеде 18 жастағы екі студент сотталды

Куратор желі арқылы жетекшілік еткен: Ақтөбеде 18 жастағы екі студент сотталды

Олардың жатақханадағы бөлмесін тінту кезінде буып-түю материалы мен тараз, қасық және көк түсті химиялық заттар табылды.

Ақтөбеде есірткі дайындаумен айналысқан колледждің 18 жастағы екі студенті сотталды. Тәртіп сақшылары күдіктілерді тұтқындаған кезде олардың көгілдір кристалл үлгісіндегі ұнтақ салынған 22 пакет жасап үлгергені анықталды.

Ал жатақханадағы бөлмесін тінту кезінде полицейлер буып-түю материалы мен тараз, қасық және көк түсті химиялық заттар тәркіледі. Мұның бәрі есірткіні дайындау және тарату үшін қолданылған. Тергеу барысында жастардың курьер деп аталатындар әлеуметтік желідегі кураторының бұйрығымен әрекет еткені анықталды.

"Тұрғындарға темекі мен оның түрлі қоспаларын таратумен айналысатын курьерлерді жалдау қызметіне қатысты ақпараттарды аса сақтықпен қабылдауға шақырамыз. Өйткені, оның артында әрқилы құйтұрқы әрекеттер жатуы мүмкін", – делінген полиция хабарламасында.

Дереккөз: sputnik

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде