Мектеп оқушылары мен студенттер үшін шектеу шаралары жаңартылды
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мектеп оқушылары мен студенттердің білім алуына байланысты жаңа қаулы жариялады.
12:01 17.01.2021
Бекшиннің қаулысына сәйкес, екiншi семестрден бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттерiн ерiктi негiзде құрамдастырып оқыту туралы шешім қабылданған. Бұл ретте күшейтiлген санитариялық-дезинфекциялық және бетперде режимiн, әлеуметтiк қашықтық сақталуы керек.
Мұнымен қоса, І курс студенттеріне жатақханада тұруға рұқсат берілген. Жалпы бiлiм беретiн мектептердiң: 1-ден 5-ке дейiнгi (халықаралық мектептерде 7-ші сыныпқа дейін), 9,11 (12) - сыныптарының оқушыларын, колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттерiн тамақтандыруды ұйымдастыру міндеті жүктелген.