Елорда тұрғындарын үйлердің біріне қойылған бомба туралы видео шошытты
Нұр-Cұлтан тұрғындарын көппәтерлі үйлердің бірінде жарылғыш зат салынғаны туралы хабар алаңдатты.
09:02 18.01.2021
"Тамыз" тұрғын үй кешеніндегі бір кіреберістің тұрғындары эвакуацияланды. Оқиға орнында түсірілген видео мессенджерлерде таралды. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті хабарлауынша, 16 қаңтар күні сағат 22.03-те 102-арнаға тұрғын үй кешенінің бірінде бомба қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері келген соң 60-қа жуық адам эвакуацияланды, жарылғыш зат табылған жоқ.
"Күдікті ұсталды. Сараптама нәтижесі бойынша ол мас болғаны анықталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеру жүргізілуде", - деді ПД баспасөз қызметі.
Дереккөз: stan.kz