Кеңес одағының батыры коронавирустан қайтыс болды
Генерал-полковник Николай Антошкин 79 жасқа қараған шағында мәскеулік ауруханалардың бірінде көз жұмды.
10:00 18.01.2021
Ресейдің мемлекеттік думасының депутаты, Чернобыль апатының зардабын жоюға атсалысқан атақты ұшқыш Николай Антошкин Мәскеуде коронавирус инфекциясынан қайтыс болды. Антошкиннің өмірден озғанын "Әскери басшылар клубы" аппаратының жетекшісі Николай Дерябин хабарлады. Ол генерал-полковникті ақтық сапарға шығарып салу қашан және қай жерде өтетіні әзірге белгісіз екенін жеткізді.
"Бұл мәселені отбасымен талқылап жатырмыз. Ол бүгін таңертең қайтыс болды. Коронавируспен ауырды", - деген "Единая Россия" фракциясының басшысы Сергей Неверов Антошкиннің туыстарына көңіл айтты.
Николай Антошкин 1942 жылы Башқұртстанда туған. Ол 1986 жылы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардабын жою кезінде авиация тобын басқарады. Қираған энергоблок үстіндегі ұшу операцияларына қатысқан. Осы үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. VI және VII шақырылымдағы мемлекеттік думаның депутаты болды.