{metadescription}
Алексей Навальный Ресейге оралған бойда қамауға алынды

Алексей Навальный Ресейге оралған бойда қамауға алынды

Ресей оппозиционері Алексей Навальный Берлиннен Мәскеуге ұшып келген бойда, Шереметьево әуежайында қамауға алынды.

2020 жылдың желтоқсанында кепілге босатылған Алексей Навальный Мәскеудің Шереметьево әуежайында ұсталды. Оппозиционер Берлиннен Мәскеуге кеше кешкі рейспен ұшып келді. Бұл ұшаққа билеттің көбін журналистер сатып алған еді. Ұшақ Внуковоға қону керек болатын. Бірақ әуежай техникалық жағдайға байланысты лайнерді қабылдай алмай, ол Шереметьевоға қонды.

Жалпы Алексей Навальный шартты түрде сотталғандықтан төлқұжатты тексеру орнында полицейлер оны сынақ мерзімін бұзғаны үшін ұстады. Сонымен бірге онда оппозиционердің жақтастары жиналып, тәртіп сақшылары олардың да кейбіреуін қамауға алды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде