{metadescription}
Тоқаевтың көмекшісі коронавирусқа қарсы вакцинаны екінші рет салдырды

Тоқаевтың көмекшісі коронавирусқа қарсы вакцинаны екінші рет салдырды

Президенттің көмекшісі қазақстандық вакцинаны бірінші рет салдырғаннан кейін ешқандай жағымсыз әсер сезбегенін айтты.

Қазақстан президентінің көмекшісі Ерлан Қарин коронавирусқа қарсы вакцинаны екінші рет салдырды. Қарин 16 қаңтарда екінші рет отандық QazCovid-in вакцинасын ектірді. Бұл туралы ол Facebook-те жазды.

"Вакцинацияның талабына сәйкес екі рет егілуі тиіс, яғни 21-22 күннен кейін. Мысалы, қытайлық вакцина 26-28 күннен кейін екінші рет егіледі. Бұл организмдегі иммунитетті күшейту үшін қажет. Алдағы үш күн су тигізбеу керек, спортпен айналысуға болмайды. Бірінші екпеден кейін қандай да бір жағымсыз әсер сезбедім", - деді президенттің көмекшісі.

Қарин отандық вакцинаны бірінші рет өткен жылдың 25 желтоқсанында салдырған болатын. Айта кетсек, Қазақстанда 2021 жылдың наурыз айында COVID-19-ға қарсы отандық вакцинамен жаппай егу басталады. 19 желтоқсанда QazCovid-in вакцинасын клиникалық сынақтан өткізудің соңғы ІІІ сатысы басталды. Оның аясында вакцина 3 мың еріктіге егілді. Ал Қазақстанда өндірілген ресейлік "Спутник V" вакцинасын жаппай егу 2021 жылдың ақпан айында басталады деп жоспарланып отыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.