{metadescription}
Қылмыс әлемінің серкесі «Серік-головаға» қатысты сот үкімі шықты

Қылмыс әлемінің серкесі «Серік-головаға» қатысты сот үкімі шықты

Алматыда қылмыстық ортада «Серік-голова» немесе Башка деген атпен танымал Серік Жаманаев 19 жылға сотталды.

Сот үкіміне сәйкес, Серік Жаманаев кінәлі деп танылып, 1,75 миллион теңгесі, 6 мың доллары және қымбат автокөлігі тәркіленіп 19 жылға бас бостандығынан айырылды. «Серік-голова» қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемесінде 14 жыл отырады. Содан кейін жазасын 5 жыл толық қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Мемлекеттік айыптаушы Серік Жаманаевты 262-баптың 2-бөлігі «ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оған басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу», 194-баптың 4-бөлігінің 1-тармағы «адамдар тобы аса ірі мөлшерде күш қолданып жасаған қорқытып алушылық», 106-баптың 3-бөлігі «абайсызда адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша кінәлі деп тануды сұраған еді.

Жаманаев 1996 жылы Ресейдің Сочи қаласында «вор в законе» деген мәртебе алған. Ол өткен жылдың ақпанында ҰҚК мен ІІМ-нің бірлесіп жүргізген операциясы кезінде қолға түсті.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде