{metadescription}
Қазақстанда теміржол билеттері қымбаттайды

Қазақстанда теміржол билеттері қымбаттайды

Бүгінгі таңда коронавирус пандемиясына байланысты барлық мемлекетаралық пойыздар тоқтатылды.

Ал ішкі тасымал шектеліп отыр. 1 наурыздан бастап барлық бағыттағы әлеуметтік маңызы бар облысаралық және қала маңындағы теміржол билеттері қымбаттайды. 

"2021 жылғы 1 наурыздан бастап облысаралық және қала маңы қатынастарындағы барлық әлеуметтік маңызы бар маршруттарға теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау құнын 7% - ға жоспарлы индекстеу көзделуде", – делінген ресми хабарламада.

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының ресми сайтында көрсетілген мәліметке сәйкес, республика бойынша 166 бағытта жолаушылар мен қала маңындағы пойыздар жүреді. Олар мемлекет тарапынан судсидияланатын әлеуметтік маңызы бар 106 пойыз.

Соның ішінде 9 мемлекетаралық бағдар бар:

  • 21 бағдар бойынша өзге теміржол әкімшілігінің пойызы;
  • 20 бағдар жекеменшік тасымалдаушыларға тиесілі;
  • 9 бағытта "Тальго" вагондарынан тұратын коммерциялық пойыздар. Олар: №29/30 Алматы – Атырау, № 51/52 Алматы – Орал, №69/70 Алматы – Өскемен, №71/72 Алматы – Түркістан, №92/91 Нұр-Сұлтан (Нұрлы жол) – Қызылорда, №95/96 Нұр-Сұлтан (Нұрлы жол) – Орал, №702/701 Нұр-Сұлтан (Нұрлы жол) – Алматы, №712/711 Нұр-Сұлтан (Нұрлы жол) – Шымкент;
  • 10 бағытта кәсіпорындар мен ұйымдар тапсырысы бойынша жүретін пойыз. 

Айта кетейік, бүгінде коронавирус пандемиясына байланысты барлық мемлекетаралық пойыздар тоқтатылды. Ал ішкі тасымал шектеліп отыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде