{metadescription}
Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп, бір адам көз жұмды

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп, бір адам көз жұмды

15 қаңтар күні Қостанай облысы Қарабалық ауылында Титов көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйдегі пәтер өртенді. 

Оқиға Қарабалық ауылының Титов көшесіндеге үйде болған. Аудандық № 11 өрт сөндіру бөліміне хабарлама келіп түскен. Көршілерінің хабарлауынша, 1953 жылы туған зейнеткердің үйінен өрт шыққан.

«Пештің жанындағы үй заттары өртенген, бастапқыда 8 шаршы метр аумақта төбе тақтайшалары жанған, өрт ошағы тез таралып, үйдің екінші жартысына таралу қаупі төнді. Сондықтан өрт сөндірушілер отты мейлінше тез ауыздықтауға екі әдісті пайдаланды. Бірінші топ тікелей өрт ошағын сөндірсе, екіншісі үй маңындағы құрылыс нысандарындағы жалынды ауыздықтады. Үй иесінің 1974 жылы туған ұлы өрт тараған бөлмеде қалып қойған. Оның екінші топтағы мүгедектігі бар екені анықталды. Газ-түтіннен қорғау қызметі ер адамды дәрігерлерге тапсырды. Алайда ол орталық аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жан тапсырды», - делінген ведомствоның ақпаратында.

Оқиға орнында өрт сөндіру бөлімінің 8 қызметкері және 2 техникасы жұмыс істеді. Қостанай облысының ТЖД пеш және электр техникаларын қараусыз қалдырмауға шақырады. Қауіпсіздік ережелеріне сәйкес тез жанатын құрылыс және тұрмыс заттарын пешке жақын орналастыруға тыйым салынған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде