{metadescription}
Алматы әкімдігі Сапар Нұрашевтың ұсталғанын жоққа шығарды

Алматы әкімдігі Сапар Нұрашевтың ұсталғанын жоққа шығарды

Алматы қаласының әкімдігі Жайлы қалалық орта басқармасы басшысының ұсталғаны туралы желіде тарап жатқан ақпаратты жоққа шығарды.

"Әлеуметтік желіде және сайттарда жарияланған Алматы қаласының Жайлы қалалық орта басқармасының бастығы Сапар Нұрашевтың ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қазір Нұрашев жұмыс орнында. Жүргізіліп жатқан тергеуге дейінгі тексеруге қатысты барлық сұраққа жауап беруге және қажетті түсініктемелер беруге қала әкімдігі дайын", - делінген әкімдік хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қыметтегілер Сапар Нұрашевтың ұсталғанын растаған еді. Әлеуметтік желіде Алматы қаласы жайлы қалалық орта және мобилділік басқармасының басшысы Сапар Нұрашевтың модульдік инфекциялық аурухана құрылысына бөлінген 5,5 млрд теңгенің 3,9 млрд теңгесін жымқырды деген күдікпен ұсталғаны айтылды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.