{metadescription}
Әскери тікұшақ құлап, үш шекарашы қайтыс болды

Әскери тікұшақ құлап, үш шекарашы қайтыс болды

Өткен бейсенбі күні Түркіменстанның Иранмен шектесетін Ак-Бугдай ауданының аймағында әскери тікұшақ құлап түсіп, үш түркімен шекарашысы қайтыс болды.

Куәгерлердің айтуынша, шекара аймақтарын айналып ұшып жүрген тікұшақ тұманнан жоғарғы вольтты электр сымдарына соғылып, кабинадағы үш шекарашы қаза тапқан. Әзірге олар туралы толық мәлімет жоқ.

Италияда жасалынған Agusta AW109 тікұшағы қайсы шекара бекетіне тиесілі екенін де анықтауға мүмкін болмады. Бірқатар мәліметтер бойынша 14 қаңтар күні қайғылы оқиға болған жерге елдің қорғаныс министрі Бегенч Гундогдыев барып келген.

Дереккөз: centralasian.org 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде