{metadescription}
Қытайдан келген емші алаяқ болып шықты

Қытайдан келген емші алаяқ болып шықты

Алматыда ҚХР тумасы баласы жоқ әйелдерді бедеулікпен емдеуге уәде берген.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚХР тумасы бұрын сотты болған.

"Медициналық мекеменің қызметкері ретінде өзін таныстырған ол азаматтарға бедеуліктен емдеуге және гинекология саласындағы басқа ауыр науқастарды емдеуге уәде беріп, ол үшін алдын-ала қомақы сыйақы талап еткен. Зардап шеккендермен кездескен кезде әйел өзін "Алтынаймын" деп таныстырған", - деді Түрксіб аудандық полиция бөлімінің бастығы Ерлан Аянбаев.

Күдікті қамауға алынды.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Осы әйелдің әрекетінен зардап шеккен басқа да азаматтар болса, мына телефондарға хабарласуды сұраймыз: 295-54-61, 8-775-718-35-05 және 8-701-758-67-60", - дейді полициядағылар.

Дереккөз: Polisia.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.