{metadescription}
Цой Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар неге көбейіп жатқанын түсіндірді

Цой Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар неге көбейіп жатқанын түсіндірді

Желтоқсан мен қаңтар айларындағы ұзақмерзімді мерекелер кезінде халықтың профилактика шараларын сақтамауы салдарынан вирус жұқтырғандар саны өсіп жатыр.

Қазақстандықтардың санитарлық талаптарды сақтамауының кесірінен коронавирус жұқтырғандар саны көбейіп барады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. Цой республикада қараша айынан бері індетке шалдығу көрсеткіші өскенін атап өтті. Қарашада қазан айымен салыстырғанда 4,5 есеге артса, желтоқсанда қарашамен салыстырғанда 1,2 есеге көбейген.

"Қаңтарда бірқалыпты өсу үрдісі сақталып отыр. Бұл желтоқсан мен қаңтар айларында ұзақмерзімді мерекелер кезінде халықтың профилактика шараларын сақтамауының салдары. Қаңтар айы басталғалы бері 14 625 адам вирус жұқтырды. Ауруға шалдығу өсімі Шығыс Қазақстан облысынан басқа, барлық өңірде байқалып отыр", - деді министр үкімет отырысында.

Айтуынша, 19 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа алты өңір – Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы кірген.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде