{metadescription}
Министр Қазақстанда коронавирустың шарықтау шегі қашан болатынын болжады

Министр Қазақстанда коронавирустың шарықтау шегі қашан болатынын болжады

Цойдың айтуынша, реалистік және пессимистік сценарий бойынша күн сайын 6 мыңнан 9 мыңға дейін адам вирус жұқтырады деген болжам бар.

Қазақстанда наурыз айының соңына қарай коронавирус індеті шарықтау шегіне жетуі мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылға эпидемиологиялық болжам жасады.

"Қазақстанда коронавирустың шарықтау шегі наурыз айының соңында тіркелуі мүмкін", – деді Цой үкімет отырысында.

Айтуынша, оптимистік сценарий бойынша тәулігіне 3 мың науқас тіркеледі. Ауруханаларда 24 мың төсек-орын бос болмауы мүмкін.

"Десе де, бұл сценарий кезінде қатаң карантин шараларын енгізу жоспарланып отырған жоқ", – деді министр.

Министр сонымен қатар реалистік және пессимистік сценарий бойынша күн сайын 6 және 9 мың адам індет жұқтыруы мүмкін екенін айтады. Ал төсек қорының қамтылуы 45 мыңға дейін жетеді. Яғни КВИ-мен ауыратын науқастарға қолжетімді 52 мың төсектен аспайды, бірақ денсаулық сақтау жүйесіне шамадан тыс жүктеме түсірмей, сапалы медициналық қызметті қамтамасыз ету үшін қатаң карантин талаптарын енгізу қажет болады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде