Павлодарда пойыз ер адамның басын жұлып әкетті
Ер адам өнеркәсіптік аймақтың аумағында теміржолды кесіп өтпек болған, алпыс жастағы локомотив жүргізушісі оны қағып кетті.
13:04 19.01.2021
Павлодарда теміржол локомотиві ер адамды басып кетті. Қайғылы оқиға 18 қаңтар күні 11.40-та Шығыс өнеркәсіптік аймағының аумағында болды. 60 жастағы локомотив жүргізушісі теміржолды кесіп өтпек болған ер адамды қағып кетті. Салдарынан ер адам оқиға орнында жан тапсырды.
Дәрігерлер оқиға орнына төрт минуттың ішінде жеткен. Теміржолда сырт келбеті еуропалыққа ұқсайтын белгісіз ер адам жатқан. Құқыққорғаушылардың ақпаратынша, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Дереккөз: sputnik