{metadescription}
СҚО-да ауа райына байланысты ескерту жарияланды

СҚО-да ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Солтүстік Қазақстан облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, 20 қаңтар күні Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде күндіз қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасын болады. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.

Петропавлда 20 қаңтардабұрқасын болады.Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі

Осыған байланысты ҚР ТЖМ СҚО Төтенше жағдайлар департаменті халықтың қалыпты тіршілік әрекетін қамтамасыз ету және төтенше жағдайдың алдын-алу мынадай үшін шаралар қабылдауды ұсынады:

  • Жылы бөлмеде болуға тырысыңыз;
  • Балаларды ерекше бақылауға алыңыз;
  • Елді мекендерден шығуға шектеу қойыңыз;
  • Автокөлікпен алыс сапарға шығуды тоқтата тұрыңыз;
  • Осы ақпаратты көршілеріңізге жеткізіп, ауру адамдар мен қарттарға көмек көрсетіңіз;

«Сіздердің назарларыңызға бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметтің 112 телефоны тәулік бойы жұмыс істейтінін еске саламыз. Ол арқылы төтенше жағдай мен оқиғаның қаупі туындаған жағдайда хабарласуға болады», - делінген СҚО ТЖД Қоғаммен байланыс тобының хабарламасында.

Дереккөз: Қазгидромет

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.