{metadescription}
Қазақстанда электронды вакцинация паспорты енгізіледі

Қазақстанда электронды вакцинация паспорты енгізіледі

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында мәлімдеді. 

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, коронавирусқа қарсы вакцинацияға дайын болу үшін үкіметтің қаулысының жобасы әзірленді. Қаулыда ұлттық вакцинация кестесіне COVID-19-қа қарсы вакцинация енгізілген.

"Коронавирусқа қарсы вакцинация бойынша әдістемелік ұсыныстар дайындалды, вакцинацияны ұйымдастырудың жоспары бекітілді. Вакцинацияның электронды паспорты жасалды. Вакцинация министрліктің электронды орталықтандырылған жүйесінде электронды форматта енгізіледі. Мобильді қосымшаға пациент пен медициналық қызметкер ақпарат енгізе алады", - деді ол министр. 

Оның айтуынша, қазақстандық жүйе, ғаламдық ақпараттық жүйелермен интеграциялануға қабілетті. Оған қоса, барлық вакцинацияланған адамдарға сұраныс орны бойынша және еркін жүріп-тұру үшін ақпарат беруге мүмкіндік береді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.