Елордада ер адам әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсады
Полицейлердің мәліметінше, биыл 16 қаңтарда елорданың тұрғын үй кешенінің бірінде кісі өлтіру оқиғасы болды.
15:09 19.01.2021
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі хабарлады.
«Полицейлер пәтерлердің бірінде туыстар арасында жанжал болғанын, жанжал кезінде күйеуі әйеліне пышақ жарақатын салғанын, содан кейін оның әпкесіне бірнеше жарақат салғанын анықтады. Әпкесі пәтерден шығып, көршілерін көмекке шақырып үлгерген. Көршілері полицияға хабарласқан. Оқиға орнында ер адам пәтерді ішінен жауып алған. Полиция қызметкерлері есікті бұзып ашып, 46 жастағы әйел мен оның жұбайының мәйітін тапты. Ер адам өзін-өзі пышақтаған», - делінген ақпаратта.
Бүгінде осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.