{metadescription}
Қазақстанда ҰБТ-ның байқау сынағы басталды

Қазақстанда ҰБТ-ның байқау сынағы басталды

Өңірлерде ҰБТ-ның қалай өтетіні аймақтағы бас санитар дәрігердің қаулысы шыққан кезде белгілі болады.

Қазақстанда 11-сынып оқушылары үшін ұлттық бірыңғай тестілеудің сынақ байқауы басталды. Әр аймақтың бас санитар дәрігері тестілеуді өткізу ережелерін бекітті.

Елордадағы тестілеу

19 қаңтарда Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова 11-сынып оқушылары үшін 20 қаңтар мен 5 ақпан аралығында күндізгі режимде сынақ ҰБТ өткізу туралы қаулыға қол қойды.

Тестілеу Гумилев атындағы ЕҰУ, Сейфуллин атындағы ҚазАгро, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті базасында күшейтілген санитарлық шараларды сақтай отырып өтеді.

Кабинеттерде бірқатар тәртіп сақталады:

  • дезинфекция құралдарын қолдана отырып, ылғалды желдету ұйымдастыру;
  • желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • кіреберісте, дәліздерде әрбір 50-100 метр сайын санитайзерлер орнату;
  • талапкерлерді кіргізу кезінде олардың арасы кем дегенде 2 метр әлеуметтік арақашықтықты сақтау;
  • ЖРВИ және тұмау белгілері бар оқушылар тестілеуге жіберілмейді.

Алматыдағы тестілеу

Алматыда ҰБТ 20-30 қаңтар аралығында қаладағы бес жоғары оқу орнында өтеді. Тест өткізу пункттерінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар күшейтілді.

ҰБТ өткізу пункттерінде ұйымдастырылады:

  • медициналық пункт пен  жедел медициналық көмек бригадасының кезекшілігі;
  • медицина қызметкерінің денсаулық жағдайына сауалнама жүргізіледі, дене температурасын өлшенеді, өткізу пунктінің барлық қызметкеріне  күн сайын ауысым алдында фильтр жүргізіледі;
  • адамдарға топтасып жиналуға болмайды, дәліздерде күтуге рұқсат жоқ;
  • ішке кіргізер кезде кемінде 2 метр әлеуметтік арақашықтықты сақталады, шектеу ленталары орнатылады;
  • ҰБТ өткізу пункттерінде дезинфекциялық тоннельдер мен аяқ киімге арналған кілемшелер, санитайзерлер орнатылады;
  • шығаберісте пайдаланылған бетперделерге арналған қоқыс жәшігі орнатылады;
  • ҰБТ өткізу пункті қызметкерлерінің, тестілеуге қатысушылардың және өзге де адамдардың жеке гигиенаны сақтауы үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз етіледі;
  • үніне кемінде 2 рет ҰБТ өткізілетін барлық аудиторияны берілген нұсқаулыққа сәйкес жуылады және
  • дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып ылғалды тазалық жұмыстары жүргізіледі;
  • ғимараттарды әрбір 1,5-2 сағат сайын желдетеді.

Айта кетейік, басқа өңірлерде ҰБТ-ның қалай өтетіні аймақтағы бас санитар дәрігердің қаулысы шыққан кезде белгілі болады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.