{metadescription}
Қуат Хамитов ісі бойынша сот отырысы кейінге қалды

Қуат Хамитов ісі бойынша сот отырысы кейінге қалды

2020 жылы қыркүйекте спортшы дезинфекция жасаушылар "халықты улап жатыр" деп мәлімдеп, оларды ұрып-соғуға үндеді.

Алматыда "Найман" лақап атымен танылған аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитовтің ісі бойынша сот отырысы кейінге қалды. Спортшы сот отырысына қатысқан жоқ. Адвокаттың айтуынша, Хамитов техникалық ақауға байланысты онлайн форматта өткен сот отырысына қатыса алмады. Сол себепті ол кейінге қалдыруды сұрады.

Іс бойынша прокурор да қылмыстық істі Хамитовсыз өткізу мүмкін емес екенін айтты. Отырыс нақты қай күні өтетіні әлі белгісіз. Адвокат Қуат Хамитовтің нақты қай жерде екенін айтпады. Алайда бұған дейін БАҚ-та спортшының 20 қаңтарда Магнитогорск қаласына (Қостанайдан 434 шақырым) бара жатқаны туралы ақпарат тарады. Сондай-ақ, Хамитов болып жатқан жағдайдың бәрі жекпе-жек алдында психологиялық, моральдық тұрғыдан әсер етпегенін айтты.

Еске сала кетейік, Қазақстандық файтер Қуат Хамитовке қатысты іс сотта қаралып жатқанын хабарлаған болатынбыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.