{metadescription}
Автобус аударылып 8 адам мерт болды

Автобус аударылып 8 адам мерт болды

Пәкістанның батысындағы Белуджистан провинциясында жол-көлік апатынан сегіз адам қаза тапты, тағы жиырмасы жараланды.

Сәрсенбіде таңертең Пәкістанның оңтүстік-батыс Ласбела аймағында болған жол-көлік апатынан кем дегенде сегіз адам қайтыс болып, 20-дан астам адам жарақат алды, деп хабарлайды жергілікті БАҚ. Кветтадан Карачиге бара жатқан қалааралық автобус жолдан шығып кетіп, аударылған.

Қайтыс болғандардың арасында әйелдер мен балалар, сондай-ақ екі қауіпсіздік қызметкері болды, делінген хабарламада. Жараланған азаматтардың барлығы Кветтадағы мемлекеттік ауруханаға жеткізілді, кейбірінің жағдайы өте ауыр. Полицейлердің алдын ала болжамы бойынша, жол апатына автобус жүргізушісінің жылдамдықты арттырғаны себеп болған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.