{metadescription}
Қазақтар жиі ішетін сусын коронавирусты тоқтатуы мүмкін

Қазақтар жиі ішетін сусын коронавирусты тоқтатуы мүмкін

Зерттеу соңында ғалымдар COVID-19 жұқтырған бес адамның сілекейін алып, қара және көк шаймен 10 секунд араластырған.

Жапондық ғалымдар сілекейдің құрамындағы коронавирустың белсенділігін қалай төмендетуге болатынын тапты. Ол үшін асықпай, бір жұтым шай ішу жеткілікті. Шай жапырақтарында "катехин" антиоксиданттары бар. Ал жапырақтарды өңдегенде басқа да биологиялық қоспалар бөлініп шығады. Киотодағы медициналық университеттің ғалымдары дәл осы заттар SARS-CoV-2 вирусын жоя алады деген жорамал жасап отыр.

Ғалымдар өз болжамын дәлелдеу үшін алдымен шайдың түрлі сұрыптарын алып, түтіктегі вирусқа құйып көрген. Сонда қара шаймен араласқан вирустың көлемі бір минуттың ішінде анықталмайтын деңгейге дейін түсіп кетті. Осы уақыттың ішінде маття, ходзича мен улун сияқты көк шай да вирустың мөлшерін азайтқан. Алайда қара шаймен салыстырғанда әсері төмендеу болды.

Зерттеу соңында ғалымдар COVID-19 жұқтырған бес адамның сілекейін алып, қара және көк шаймен 10 секунд араластырған. Сосын дәл сондай сілекейі бар тазартылған сумен салыстырды. Осы жолы да қара шайдың тиімділігі жоғары болды.

Сосын ғалымдар шай арқылы өткен вирусты басқа түтікке салып, оның басқа жасушаларға қалай жұғатынын тексеріп шықты. Сонда вирус мүлдем көрінбеген, я болмаса, оның мөлшері тым аз болған.

"Зерттеудің нәтижесі қара шаймен өңделген SARS-СoV-2 таралу қабілеті айтарлықтай төмендейтінін анық көрсетіп отыр. Таралуы да екіталай", - дейді ғалымдар.

Алайда зерттеудің авторлары шәймен коронавирусты емдеуге болмайтынын ерекше атап өтті. Себебі қара шайдың құрамындағы биологиялық белсенді заттар қанға дұрыс сіңбейді. Ал оның мөлшері аз болғаннан кейін бүкіл денеге тараған вирустың белсенділігін төмендету қиын.

Дереккөз: sputnik

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде