{metadescription}
Министрлік «вакцинадан көз жұмған» қазақстандыққа қатысты пікір білдірді

Министрлік «вакцинадан көз жұмған» қазақстандыққа қатысты пікір білдірді

Маңғыстау тұрғыны коронавирусқа қарсы екпе салдырғаннан кейін көз жұмды деген ақпарат желіде вакциналау басталғанға дейін тараған.

Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде қазақстандық азаматтың коронавирусқа қарсы вакцинаны салдырғаннан кейін қайтыс болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұған дейін Facebook әлеуметтік желісінде Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданындағы Батыр аулының тұрғыны вакциналаудан кейін көз жұмды деген ақпарат таралды. 

«Осы жылы 19 қаңтарда қан қысымының көтерілуіне байланысты 1978 жылы туылған адам қайтыс болды. Ол ешқандай вакцина алмаған. Маңғыстау облысына осы уақытқа дейін коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина жеткізілмеген. Вакцинаның алғашқы партиясын облысқа жеткізу 2021 жылдың 28-29 қаңтарына жоспарланған», - деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Оның айтуынша, ең алдымен инфекциялық ауруханаларда, жедел медициналық көмек қызметінде, жан сақтау, қабылдау бөлімінде, санэпидқызметте жұмыс істейтін медицина қызметкерлеріне вакцина салынады.

«Қаза болған азамат бұл санаттардың ешқайсысына жатпайды», – деп атады Ержан Байтанаев.

Ол жалған ақпарат таратқаны үшін Қылмыстық кодекспен жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде