{metadescription}
Садыр Жапаровтың ұлықтау рәсімі 28 қаңтарда өтеді

Садыр Жапаровтың ұлықтау рәсімі 28 қаңтарда өтеді

Қырғызстан президентінің міндеттерін атқарушы, Жогорку Кенеш төрағасы Талант Мамытов «Қырғызстан республикасының қайта сайланған президентінің қызметке кірісуіне байланысты салтанатты рәсімге дайындалу және өткізу туралы» Жарлыққа қол қойды.

Қырғызстан орталық сайлау комиссиясы жақында кезектен тыс президент сайлауында Садыр Жапаровтың жеңгенін мәлімдеген. Дауыс беру нәтижесі бойынша, оған 1 миллион 105 мың 248 сайлаушы дауыс берген. Бұл 10 қаңтарда дауыс берген сайлаушылардың 79,2 пайызын құрайды. Кандидат Адахан Мадумаров - 94 741 дауыс (6,79 пайыз), Бабыржан Толыбаев 32 979 дауыс (2,36 пайыз) алған.

Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес, енді Садыр Жапаровқа президент ретінде тағайындалғаны туралы арнайы куәлік беріп, төсбелгі мен штандарт табыстайды. Жарлыққа сәйкес, жаңадан сайланған президенттің қызметке кірісуіне байланысты 2021 жылдың 28 қаңтарында өтетін салтанатты рәсімге даярлық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті құрылды.

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде