{metadescription}
Ақтауда екі айлық нәресте инсульт алды

Ақтауда екі айлық нәресте инсульт алды

Ақтауда дәрігерлер инсульт алған екі айлық нәрестені құтқарып қалды.

9 қаңтарда бала Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген. Оған "мидағы қан айналымының бұзылуы" (жаңа туған балалар инсульті) диагнозы қойылды, деп жазады "Лада". Аурухана екі айлық сәбиде инсульт салдарынан миының ісінуі, дислокация синдромы және I-II дәрежелі кома тіркелгенін хабарлады. Дәрігерлердің арқасында 10 қаңтарда баланың жағдайы тұрақтанды. Шұғыл түрде сәбиге екі сағатқа созылған бассүйек трепанациясы отасы жасалды.

Балалар нейрохирургі Ербол Кенжеваловтың айтуынша, мұндай жағдайда баланы аман алып қалу сирек болады.

"Мұндай отада оң нәтиже сирек кездеседі. Бірақ біз баланы құтқарып қалдық. Қазіргі уақытта науқасты травматология бөліміне ауыстырды, ол орташа ауыр жағдайда", - деді балалар нейрохирургі Ербол Кенжевалов.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде