{metadescription}
Cегіз әскериді атып өлтірген сарбаз 24,5 жылға сотталды

Cегіз әскериді атып өлтірген сарбаз 24,5 жылға сотталды

Ресейлік Чита соты әскерге шақырылған сарбаз Рамиль Шамсутдиновты қаруластарын атқан үшін кінәлі деп тауып, 24 жарым жылға қатаң режимдегі колонияға соттады.

Желтоқсан айының соңында алқабилер Шамсутдиновты кісі өлтіру және кісі өлтіру әрекеті үшін кінәлі деп таныған болатын. Айыптаушы тарап Шамсутдиновті 25 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сот өкілінің айтуынша, Шамсутдинов 24 жыл 6 ай қатаң режимдегі колонияда отырады

Сот өкілінің айтуынша, Шамсутдинов үкім айтылғанда тыныш отырды. Сондай-ақ жәбірленушілердің сотталушыға қатысты талаптары ішінара қанағаттандырылғаны айтылады. Сотталушы төртеуіне - 1,5 миллион рубль, екеуіне - 1,3 миллион рубль, біреуіне - 1,2 миллион рубль береді.

Еске салайық, сарбаз Рамиль Шамсутдинов 2019 жылдың 25 қазанында Байкал сыртындағы Горный ауылындағы әскери бөлімде әскерилерді атып тастаған болатын. Жеті адам оқиға орнында, біреуі ауруханада қайтыс болды. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде