{metadescription}
Елордада COVID-19 індетінің өсуі байқалады

Елордада COVID-19 індетінің өсуі байқалады

Елорда жақында эпидемиологиялық жағдайға байланысты «қызыл аймаққа» өтті.

Нұр-Сұлтанның бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенованың ақпаратына сәйкес, COVID-19 инфекциясының апталық өсімі байқалады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Індеттің өсуі қала тұрғындарының әлеуметтік қашықтық ережелерін және басқа да санитарлық талаптарды бұзуымен байланысты болып отыр. Осыған байланысты рейдтер күшейтілмек. Санитарлық шаралар сақталмаса жағдай кез келген уақытта нашарлауы мүмкін.

«Егер халық арасында жұқтыру саны артатын болса, біз қатаң шектеу шараларын кезең-кезеңмен немесе бірден енгізуге мәжбүр боламыз. Ауырып қалуымыз тікелей өзімізге байланысты. Мұны есте сақтау қажет. Елордадағы эпидемиологиялық жағдай қазір «тұрақсыз». Алайда тұрғындар медициналық маска тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау, бұқаралық іс-шаралар өткізбеу, адамдар көп жиналатын орындарға барудан аулақ болу сияқты қарапайым ережелерді бұлжытпай сақтайтын болса, қатаң шаралар қабылдау туралы ойымыздан бас тартуымыз мүмкін», - дейді Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.