{metadescription}
Зейнетақы қорының бір бөлігін алу үшін өтініш қабылдау ертең басталады

Зейнетақы қорының бір бөлігін алу үшін өтініш қабылдау ертең басталады

«Отбасы Банк» АҚ 23 қаңтарда өтініштер қабылданатын онлайн платформаны іске қосады.

Бұл туралы ОКҚ-де өткен онлайн брифинг кезінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова айтты.

«Біз бағдарламаның басталуын күтіп жүргендерге ертең сағат 9.00-ден бастап өтініш қабылдайтынымызды айтамыз. Сенбі күннен бастап қабылдаймыз. Демалыс күндері де өтініш бере аласыздар», - деді ол онлайн брифингте.

Оның айтуынша, өтініш берместен бұрын қолданылу мерзімі аяқталмаған, қызмет алуға жарамды электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы керек. Зейнетақы жинақтарының қолжетімді көлемін ҚР БЖЗҚ порталынан нақтылауға болады. 

«Оператордың интернет-ресурсында ЭЦҚ немесе басқа электронды құралдар арқылы авторизациядан өту қажет. Өзіңіздің жеке кабинетіңізді ашып, арнайы шотқа өтініш беріңіз. Арнайы шот ашқаннан кейін арнайы шоттың нөмірін, пайдалану мақсатын, қолда бар соманы, жеке табыс салығын ұстау және аудару тәсілдерін көрсете отырып, біржолғы зейнетақы төлеміне электрондық өтініш толтыруыңыз қажет», - деді Ляззат Ибрагимова.

Сонымен қатар, «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдайтын сайттың атын жария етті.

«Сайттың атын алғаш рет жария етейін. Ол - enpf-otbasy.kz. Бұл – БЖЗҚ-мен біздің бірлесе атқарған аса ауқымды жұмысымыз», - деді Ибрагимова.  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.