{metadescription}
Кузбасс шахтасында үш кенші көз жұмды

Кузбасс шахтасында үш кенші көз жұмды

Құтқарушылар Кузбастағы тау жынысының опырылуынан шахтада қайтыс болған үш кеншінің мәйітін тапты, деп хабарлады Кемеров облысы бойынша РФ тергеу комитетінің баспасөз қызметі.

Кемеров облысындағы Ленинск-Кузнецк шахтасында тау жынысының опырылуы салдарынан екі азамат көз жұмды. Тағы бір кеншінің жағдайы және қайда екені белгісіз болды. Қылмыстық іс қозғалды.

"Үшінші кеншінің мәйіті табылды. Қазір құтқарушылар оны жоғары көтеріп жатыр", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Жұмаға қараған түні С.Д.Тихов атындағы шахтада жер асты жұмыстарын орындау кезінде метан жарылған. Оқыс оқиға кезінде жер астында 44 адам болған. 41 кенші жер үстіне шығып үлгергенімен, үш азамат үйінді астында қалып қойған. Осы факті бойынша Кемеров облысы бойынша РФ тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады. Кәсіпорында апатты жою бойынша жедел штаб құрылды. Кен өндіру жұмысы уақытша тоқтатылды.

Дереккөз: Sputnik

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.