{metadescription}
Қырғызстанның жаңа президенті салтанатты ұлықтау рәсімінен бас тартты

Қырғызстанның жаңа президенті салтанатты ұлықтау рәсімінен бас тартты

Қырғызстанның жаңа президенті Садыр Жапаров ұлықтау рәсімі салтанатынан, атап айтқанда, арнайы кортеж бен банкеттен бас тартты.

Жапаров ұлықтау рәсімі туралы өз көзқарасын Қырғызстан президентінің ресми сайтында толығырақ айтып берді. Садыр Жапаров халық бұл шешімін "түсініп, қолдайды" деген үмітте.

"Қазан оқиғаларынан кейін қалыптасқан саяси жағдайды, республиканың экономикалық, қаржылық және эпидемиологиялық жағдайын ескере отырып, мұндай жағдайда біз ел экономикасы үшін ауыртпалық түсіретін іс-шаралардан бас тартуымыз керек деп санаймын.

Мен арнайы кортежден, банкеттен және үлкен қаржылық шығындарға әкелетін басқа да ұйымдастырушылық шаралардан бас тарту туралы шешім қабылдадым. Президент лауазымына кірісудің заңнамада талап етілетін міндетті рәсімдерін ғана ескеру және жүзеге асыру маңызды. Мемлекет бюджет қаражатын халық пен оның мұқтаждықтарын қолдауға аударуы тиіс", - деп мәлімдеді қырғыздардың басшысы.

Айта кетейік, Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың инаугурациясы 28 қаңтарда Бішкек филармониясында өтеді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.