{metadescription}
Семейге жаңа әкім тағайындалды

Семейге жаңа әкім тағайындалды

Нұрымбет Сақтағанов Семей  әкімі болып тағайындалды.

Нұрымбетов бұл қызметке дейін ШҚО Ұлан ауданының әкімі болған. Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов 1970 жылы 6 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қызылорда педогогикалық институтын, Қызылорда аграрлық-техникалық колледжін, МЭСА дистанциялық білім беру институтын, МЭСА Қызылорда экономика, статистика және ақпарат институтын мұғалім, бухгалтер, заңгер мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын институт бітіргеннен кейін 1992 жылы Қызылорда қаласындағы №172 орта мектепте мұғалім болып бастаған. 

1993-1994 жылдары ҚР ҚК қатарында болып, әскерден кейін Қызылорда қаласындағы № 9 орта мектепте жұмысын жалғастырды. 

1995-2001 жылдары Қызылорда облысы бойынша Кеден басқармасының инспекторы, аға инспекторы, бас инспекторы, бөлім бастығы, бөлім бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. 

2001-2006 жылдары – Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінде бас инспектор, төрағаның көмекшісі, бөлім бастығы (Қаржы министрлігінің Кеден комитеті, Кеден бақылау агенттігі). 

2006-2007 жылдары – ҚР Парламентіндегі Үкімет Өкілдігінің бас инспекторы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде бөлім басшысы, министрдің кеңесшісі. 

2007-2010 жылдары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары. 

2010-2012 жылдары – Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 

2012 жылдан осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Ұлан ауданының әкімі қызметтерін атқарды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.