{metadescription}
Алматыда қарулы адамдарды ұстау сәті видеоға түсірілді

Алматыда қарулы адамдарды ұстау сәті видеоға түсірілді

Алматыда полицейлер пышақ пен "автоматқа ұқсас" затты лақтырып қашқан күдікті адамдарды қуды.

23 қаңтарға қараған түнде Медеу ауданының полицейлері күдікті көлікті көріп қалды. Олар тексеріс жүргізбек болған кезде жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Көлік Түрксіб ауданы Сейфуллин көшесінде тоқтатылып, ұсталды. Ер адамдарды ұстау барысы мен тәркіленген қару түсірілген видео желіде пайда болды.

Жүргізуші мен екі жолаушы көлікпен шығып, полицейлерден қашты. Олар жола пышақ пен автоматқа ұқсас затты лақтырып жіберген. Күдіктілердің біреуі қолға түсті. Екеуі іздестіріліп жатыр, деп хабарлады полиция. Олар қару мен өзге заттарды қайдан алғаны анықталып жатыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде