Коронавирус пен пневмониядан 10 адам көз жұмды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы ақпаратты жариялады.
12:18 23.01.2021
23 қаңтардағы мәлімет бойынша, 25 983 адам короновирус инфекциясынан (14 277 КВИ+ және 11 706 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 723 пациент стационарда, 19 260 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 302 адамның жағдайы ауыр;
• 49 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 39 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
2021 жылғы 23 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат жариялады. Kоронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 100 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді.
Оған қоса 74 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 47311, 550 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 35055 жетті.