Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ШҚО-да жол апатынан 1 адам көз жұмып, 4 адам жарақат алды
Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасынан 1 адам көз жұмып, 4 адам жарақат алды.
17:33 23.01.2021
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 22 қаңтарда сағат 09:00 шамасында Бородулиха ауданындағы «Семей-Ресей Федерациясының шекарасы» тасжолының 25 шақырымында жол-көлік оқиғасы тіркелді.
«72 жастағы «Honda accord» автокөлігінің жүргізушісі Новопокровка ауылынан Семейге қарай бара жатып, алдындағы көліктерді озу үшін қарсы жолаққа шыққан. Сол кезде ол «УАЗ» көлігімен бетпе-бет соқтығысты», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Соның салдарынан 72 жастағы жүргізуші бірден сол жерде қайтыс болды. Ал УАЗ автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі және оның үш жолаушы ( 36 жастағы әйел, 40 және 24 жастағы ер адамдар) түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram