{metadescription}
Tойында түсініксіз әрекет жасаған күйеужігіт ұятқа қалды

Tойында түсініксіз әрекет жасаған күйеужігіт ұятқа қалды

Әлеуметтік желіде жарияланған видеоны қолданушылар қызу талқылап жатыр.

Жас жұбайлар бір-біріне торт ұсынған кезде болған жағдай ешкімді бей-жай қалдырмады. Қалыңдық тортты болашақ күйеуінің аузына әдейі тигізді. Ал жігіт болса, бірнеше қабаттан тұратын тортты қалыңдығының бетіне лақтырып жіберді. ​Видеоны қалыңдықтың өзі жариялады. Алайда жұрт бақыт тілеудің орнына күйеуімен ажырасуға кеңес беріп жатыр.

"Оның көңіл-күйі бірден өзгеріп кетті. Ашуға беріліп, тортты бетіңе лақтырды. Абай бол, құрбым", - деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Видеоны TikTok-та 90 мыңнан астам адам көрген. Қалыңдықтың өзі бұл жағдайды әзіл деп бағалап отыр. Ол осылайша қонақтардың көңілін көтермек болдық деп ақталды. Өзге адамдардың әзіл түсінбейтініне қынжылды.

Дереккөз: Sputnik

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде