{metadescription}
Зейнетақы жинағын алуға таңертеңнен бері 11 мыңға жуық адам өтінім берді

Зейнетақы жинағын алуға таңертеңнен бері 11 мыңға жуық адам өтінім берді

Бүгін сағат 9:00-ден бастап арнайы порталда зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталғалы 10 500-ден астам адам өтініш берді.

Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ баспасөз қызметінен мәлім болды.

«Атап айтқанда, enpf-otbasy.kz арнайы сайты арқылы сағат 17:00-ге қарай 10 779 өтінім қабылданды», - деді баспасөз қызметінің өкілі.

Белгілі болғандай, зейнетақының бір бөлігін аударуға арналған 67 мыңнан сәл астам арнайы шот ашылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат
 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.