{metadescription}
27 жастағы боксшы нокаутқа түскеннен кейін көз жұмды

27 жастағы боксшы нокаутқа түскеннен кейін көз жұмды

Аслам Хан дереу жергілікті жеке клиникалардың біріне жеткізілді, алайда дәрігерлер оның өмірін құтқара алмады.

Пәкістанның Карачи қаласындағы бокс кешінде жекпе-жектердің бірі трагедиямен аяқталды. Рингте жергілікті боксшылар – Мұхаммед Аслам Хан мен Вали Хан Тарин кездесті. Жойқын соққыны өткізіп алған Аслам Хан ауыр нокаутқа түсті, алайда ол жерде жылдам әрі білікті көмек көрсететін медициналық персонал болмаған. Видеоны төменде көруге болады.

Аслам Хан дереу жергілікті жеке клиникалардың біріне жеткізілді, алайда дәрігерлер оның өмірін құтқара алмады – ол ішкі жарақаттан ауруханада қайтыс болды. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, билік бұл оқиғаны тексеріп жатыр. Сондай-ақ бокс Мұхаммедтің жалғыз жұмысы емес екені белгілі болды – ол жергілікті сайлау комиссиясында да қызмет еткен.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде