Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
БҚО-да кинотеатрлардың жұмысына рұқсат берілді
Батыс Қазақстанда бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 8 ақпандағы қаулысы шықты.
17:19 08.02.2021
БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, өңірде кинотеатрлардың, сондай-ақ театр, мәдени нысандардың жұмыс жасауына рұқсат етілді.
Ол үшін кинотеатрлар InfoKazakhstan.kz сайтында міндетті түрде тіркеліп, барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, толымдылығы 20 пайыздан аспауы тиіс. Сол секілді театр, мәдени нысандарда жеке және топтық дайындықта бір мезгілде келушілер саны 30 адамнан, орындар саны 20 пайыздан аспауы керек.
Сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру орындарының қызмет жасау мерзімі ұзартылып, сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін ашық болады. Қоғамдық көліктер тоқтатылмайды, яғни Оралда жексенбі күні де жүретін болды. Ал сауда үйлері және жабық базарлар тек жексенбі күндері жұмыс істемейді. Басқа шектеу іс-шаралары сақталады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram