ДДСҰ коронавирустың пайда болуы туралы бір нұсқаны жоққа шығарды
Аралық байланыс арқылы жануардан адамға өту - бұл коронавирустың пайда болуының ең ықтимал гипотезасы.
15:50 10.02.2021
Бұл туралы ДДCҰ-ның Уханьдағы миссиясының басшысы мәлімдеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Уханьдағы миссиясының қорытындысы бойынша арнайы брифинг өтті. Миссия басшысы, ДДСҰ-ның зоонозды инфекциялар (жануарлардан адамға берілетін) және азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі сарапшысы Питер бен Эмбарек коронавирустың зертханадағы жағдайдан кейін пайда болғаны туралы нұсқаны "сенімсіз" екенін мәлімдеді.
"Біздің зерттеулеріміздің нәтижелері адамдар арасында вирустың пайда болуын түсіндіруде зертханалық оқиға туралы гипотезаның екіталай екенін көрсетеді. Сондықтан бұл гипотеза вирустың қайдан пайда болғанын зерттеу бойынша біздің әрі қарайғы жұмысымызда қолданылмайды", - деді ол.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!