Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматы облысында өз еркімен отставкаға кеткен әкім қызметінде қалды
Қуанышбек Қашқымбаев 2020 жылдың 2 шілдесінде Еңбекшіқазақ ауданының әкімі қызметіне кіріскен болатын.
11:37 17.02.2021
Алматы облысында өз еркімен отставкаға кетті деген аудан әкімі қызметінде қалды. 16 ақпанда Еңбекшіқазақ ауданы әкімі Қуанышбек Қашқымбаевтың өз еркімен қызметтік орнын босатқаны хабарланған еді. Әкімдіктің баспасөз хатшысы 12 ақпанда Қашқымбаевтың әріптестеріне қызметінен өз қалауы бойынша кететінін хабарлағанын, қысқа уақыт аралығында бірге жұмыс істегендеріне алғыс айтқанын мәлімдеді.
Алайда араға жарты күн салып аудан әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Еңбекшіқазақ ауданының әкімі жұмыстан босатылған жоқ және өз қызметін атқарып жатыр. Қазір жұмыс сапарымен аймақты аралап жүр", – деп хабарланды аудан әкімдігінің ресми парақшасында.
Қуанышбек Қашқымбаев 2020 жылдың 2 шілдесінде Еңбекшіқазақ ауданының әкімі қызметіне кіріскен еді. Ол 1962 жылы туған. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты мен Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетін бітірген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram