Қарлы боран болады: Елімізде ауа температурасы төмендейді
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 18-19 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
12:35 17.02.2021
Синаптиктердің мәліметінше, есепті кезеңде Қазақстанның ауа райын Оңтүстік Каспий циклоны анықтайды.
"Жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады, елдің солтүстік жартысында қарлы боран болады. 19 ақпаннан бастап еліміздің басым бөлігінде антициклон басып кіріп, ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі күтілуде. Республиканың солтүстік жартысында түнде - 15-33℃ дейін, оңтүстігінде - 0,+5℃, кей жерлерде - 10-15℃. Республика бойынша жекелеген аудандарда тұман, көктайғақ, желдің күшеюі байқалады", - деді "Қазгидрометте"
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!