Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Халықаралық іздеуде болған «ОLIMP KZ» есепшісі ұсталды
Бүгін Қазақстанның Бас прокуратурасы мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Қазақстан азаматшасы Елена Антонцеваны Черногориядан экстрадициялады, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
16:18 17.02.2021
«Елена Антонцеваға «ОLIMP KZ» Букмекерлік кеңсесі» ЖШС бухгалтер болып жұмыс істеп жүріп, ұйымдасқан топтың құрамында мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтіріп, ойын бизнесі саласында заңсыз қызметті жүзеге асырды деген күдік келтірілді», - делінген хабарламада.
Мәлім етілгендей, Е.Антонцева қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған.
«Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды. Қазіргі уақытта ол Алматы қаласының тергеу изоляторында», - деп нақтылады ведомстводан.
Еске салайық, бүгін, 17 ақпан күні Алматы қаласының прокуратурасы «OLIMP KZ» букмекерлік кеңсесінің мүлкі тәркіленгенін хабарлаған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram