{metadescription}
Өскеменде такси жүргізушісі жол ақысын төлемеген келіншектің сөмкесін тартып алды

Өскеменде такси жүргізушісі жол ақысын төлемеген келіншектің сөмкесін тартып алды

Ақпан айының басында 43 жастағы әйел Өскеменнің Ертіс форпостындағы "102" жедел каналына хабарласып, такси жүргізушісі оның сөмкесін алып кеткенін айтып шағымданды.

Жәбірленуші ақшасын таба алмай қалғанын, жол ақысын төлеуге мүмкіндігі жоқ екенін жеткізген. Такси жүргізушісі оны үйдің ауласына тастап, әмиян, жеке куәлік, 500 теңге көлеміндегі қолма-қол ақша, банк картасы және ұялы телефон салынған сөмкесін алып кеткен. Келтірілген шығын 45000 теңгені құрады.

"Жедел іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері кінәсін мойындаған 31 жастағы ер адамды анықтады. Айғақты заттар ішінара тәркіленді", - дейді полиция.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде