{metadescription}
Екібастұзда ер адамды атып өлтірген күдікті ұсталды

Екібастұзда ер адамды атып өлтірген күдікті ұсталды

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері кісі өлімі шолақ мылтықтан атылған оқтан болғанын анықтады.

Екібастұз тұрғынын атып өлтірді деген күдікті ұсталды.

"Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Екібастұз тұрғынын өлтірді деген күдікпен 65 жастағы ер адам ұсталды", – деді Павлодар облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Ол марқұмды шолақ мылтықпен атқаны анықталды. Бұған дейін 23 ақпан күні таңғы сағат 08.00 шамасында Сәтпаев көшесіндегі тұрғын үй ауласында белгісіз біреу қоқыс шығарып жатқан ер адамға қарудан оқ атқанын хабарланған болатын. Ер адам алған жарақаттан оқиға орнында қайтыс болды. 

"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі кезде күдіктінің қаруы тәркіленіп, өзі Екібастұз қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жарияланбайды", – деді құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

Айта кетейік, күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Дереккөз: sputnik

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде