{metadescription}
Қазақ файтері Азияның үздігі атағы үшін жекпе-жек өткізеді

Қазақ файтері Азияның үздігі атағы үшін жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық файтер Асу Алмабаев BRAVE CF 47 турнирінде қырғыз өкілі Рыскулбек Ибраимовпен жұдырықтасады.

11 наурызда Бахрейн корольдігінде өтетін турнирде Асу Алмабаев пен Рыскулбек Ибраимов 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасады. Қырғыз спортшысы мансабында 18 жекпе-жек өткізіп, сегіз мәрте қарсыласына есе жіберген. Ал Асу Алмабаев 12 қарсыласынан басым түссе, екеуінен жеңіліс тапқан. 

Кештің басты жекпе-жегінде Қырғызстан файтері Абдисалам Кубанычбек пен Филиппин спортшысы Роландо Дай қолғап түйістіреді. Жеңіске жеткен файтер чемпиондық белбеуге шығады. 

Алмабаев соңғы жекпе-жегін 24 желтоқсанда Алматыда өткізіп, отандасы Дархан Сқақовты жеңген болатын. Бұл кездесуден кейін ол аса жеңіл салмақта Naiza Fighting Championship чемпионы атанған еді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде