{metadescription}
Танымал гольфші жол апатына ұшырады
«Мэйджор» турнирінің он бес рет чемпионы атанған гольфші Тайгер Вудс Лос-Анджелес қаласында жол апатына ұшырады.
14:40 24.02.2021
Оның көлігі аударылып, салдарынан спортшының аяғы ауыр жарақаттанды. Лос-Анджелес полициясының хабарлауынша, апат болған жерде тағы бір көліктің оқиғаға қатысы барлығы анықталған.
Құтқару қызметкерлеріне Вудсті алып шығу үшін майысқан көлікті кесуге тура келген. 45 жастағы спортшы жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген. Ол жансақтау бөлімінде жатыр.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Серіктестер жаңалықтары
ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ